Nội dung text Есептер жинағы. 8 класс - Тұрсынғазин Н.С..pdf
ТҰРСЫНҒАЗИН НҰРҒАЗЫ СЕИТҚАЗЫҰЛЫ МАТЕМАТИКА ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ 8 СЫНЫП СЕМЕЙ 2018 ЖЫЛ
Тұрсынғазин Нұрғазы Сеитқазыұлы – Семей қаласындағы ФМБ НЗМ математика пәні мұғалімі Бұл жұмыс дәптері Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 8 класстарына арналған «Математика» пәні бойынша Кретериалды оқыту бағдарламасының тараулары мен тақырыптары негізінде жинақталып құрастырылған. Тапсырмалар 8 класс төңірегіндегі оқу мақсаттарының барлығын қамтиды. Бұл жинақтағы тапсырмалар халықаралық стандарттағы Cambridge IGCSE деңгейіндегі сыртқы бағалау емтиханына дайындық үшін де қолданыла алады. Тапсырмалар арасында сыртқы бағалау емтиханының тапсырмаларымен қатар қиындығы жоғары деңгейлі тапсырмалар да кездеседі.
Алғы сөз Кітап – қай уақытта да адам баласының ең сенімді серігі, сырлас досы. Кез келген көкірегі ояу, көзі ашық жан иесі кітаптың ең құнды тәбәрік, қымбат сыйлық екенін жақсы біледі. Дана халқымыз тағылыми таным мен ғылыми ілімді үйрену үшін өскелең ұрпаққа «кітапқа үңілу керек» деген тәліми ойды бір ғана ауыз сөзбен түйіндеп жеткізген: «Артық білім кітапта». Дей тұрғанмен, кітаптың авторы біреу болғанымен, оқырманы көпшілік қауым. Сондықтан да, жазылған еңбек біреулерге ұнап жатса, екінші біреулерді қанағаттандырмайтын жайттар да болады. Олай болса, көпшіліктің көңілінен шығатын кітапты не оқу құралын жасап шығару орасан зор еңбек екенін мойындау керек. Осы орайда, мектебіміздің жас математигі, Нұрғазы Сейтқазыұлының 8 сынып оқушыларына арнап құрастырған «Математикадан жұмыс дәптері» еңбегін атап өтуді жөн көрдік. Ең алдымен, еңбек құралының жазылу стилінің ерекшелігі. Оқушыға арналған оқу құралы тым ғылыми тілде жазылса, онда оқушының ойы оқулықтағы берілген ғылыми терминдерді есте сақтау үшін ғана жұмыс жасап, тақырыптағы айтылған негізгі ойдың түп төркінін түсіну екінші орынға қалады. Сондықтан автор бұл еңбегін мейлінше қарапайым тілде, әрі кез келген оқушы түсіне алатын стильде жазған. Яғни, автор баланың жас ерекшелігіне сәйкес оқушының өзі оқып, өздігінен түсіне алатындай балаға жатық тілді қолданған. Екіншіден, оқулық оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес 8 сынып оқушыларына дайындалған есептерден жинақталған. Қордаланған жаттығулардың арасында сыртқы жиынтық бағалауда кездесетін тапсырмалар да топтастырылған. Сондай-ақ, халықаралық стандарттағы GCSE және IGCSE (Cambridge) емтихандарының тапсырмаларын да автор есепке алған. Бұған қоса, автордың өзі құрастырған төлтума есептері аталмыш еңбектің ерекше құнды қыры болып саналады. Үшіншіден, әрбір тарауда сол тарауды ашатын оқу мақсаттары айқын берілген және әр мақсатты дәл, әрі нақты ашатын есептер келтірілген. Ойлау дағдыларының (білу, түсіну, қолдану) деңгейлеріне байланысты деңгейлік тапсырмалар тиімді қамтылған. Есептің деңгейін кітапты қолданушы бірден ажырата алады, себебі әр деңгейлі есептің өзіндік айырықша белгілері бар: күрделілігі жоғары (олимпиадалық) есептер жұлдызшамен (*), ал калькуляторды қолдана отырып шығаратын есептер суретімен әспеттелген. «QR-cod» штрихты сілтемелерінің көмегімен автордың тақырып бойынша қазақ тілінде дайындаған бейнесабақтары қарастырылған. Ол бейнесабақтар оқушылардың тақырыпты өз бетінше меңгеруіне көп септігін тигізері анық. Сонымен, автордың ұсынып отырған оқу құралы – математиканы үйренуге құмар жас өрен мен ол пәнді оқытатын мұғалім үшін заманауи үлгідегі ана тілімізде жазылған таптырмас құнды еңбек. Пікір білдіруші: математика пәні мұғалімі Чултуков Нартай Советханұлы Семей қаласы.
МАЗМҰНЫ КВАДРАТ ТҮБІРЛЕР ЖӘНЕ ИРРАЦИОНАЛ ӨРНЕКТЕР 5 КӨПБҰРЫШТАР. ТӨРТБҰРЫШТАРДЫ ЗЕРТТЕУ 20 КВАДРАТ ТЕҢДЕУЛЕР 33 ТІКБҰРЫШТЫ ҮШБҰРЫШТЫҢ ҚАБЫРҒАЛАРЫ МЕН БҰРЫШТАРЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАР 51 КВАДРАТТЫҚ ФУНКЦИЯ 66 АУДАН 79 СТАТИСТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІ 90 КВАДРАТ ТЕҢСІЗДІКТЕР 98 ЖАЗЫҚТЫҚТАҒЫ ТІКБҰРЫШТЫ КООРДИНАТАЛАР ЖҮЙЕСІ 111 ЖАУАПТАРЫ 121 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 125