PDF Google Drive Downloader v1.1


Báo lỗi sự cố

Nội dung text АВТОРЛЫҚ БАЗА.pdf

By biosmed «Цитология» тақырыбы бойынша 1. Жасуша-тіршіліктің ең кіші жəне құрылымдық бірлігі. 2. Жасуша деген түсінікті алғаш рет Роберт Гук қолданған. 3. Жасуша-тіршіліктің негізгі құрылымдық жəне қызметтік бірлігі. 4. Жасушаға көбею,өсу,тұқымқуалаушылық,өзгергіштік, қартаю, зат алмасу тəн. 5. Бактерия жасушасының құрылысы:бір сақиналы ДНҚ,мембрана,шырышты капсула немесе жасуша қабырғалары,цитоплазма,рибосома. 6. Ядросы жетілмеген,ядросы жоқ ағзалар:прокариоттар (бактериялар) 7. Өсімдік жасушасының құрылысы:жасуша қабырғасы,мембрана,вакоуль,ядро,хлоропласт,бұдыр ЭПТ. 8. Тек жануар мен саңырауқұлаққа тəн органоид:лизасома 9. Тек өсімдік пен саңырауқұлаққа тəн органоид:вакоуль 10.Қабықша-жасушаны қоршаған ортадан бөлетін,қорғайтын жəне қажет заттардың жасушаға енуіне мүмкіндік беретін бөлігі. 11.Қабықша жасушаға қаттылық,серпімділік,түс береді 12.Цитоплазма-жасушаны толтыратын тұтқыр сұйықтық,яғни ішкі ортасы. 13.Ядро-жасушаның маңызды бөлігі.Тұқымқуалаушылық ақпаратын сақтайтын,оны жүзеге асыратын,тек қана эукариотты жасушаларда болатын негізгі органоид. 14.Ұлпа-құрылысы,шығу тегі жəне атқаратын қызметтері бойынша ұқсас жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынығы. 15.Органоид-жасуша бөлігі,тұрақты құрылысқа ие,белгілі бір қызмет атқарады. 16.Өсімдік жасушасының сыртын жұқа плазмалық мембранадан басқа жасуша қабырғасы қаптайды.Ол-целлюлоза немесе жасұнық немесе клетчатка. 17.Саңырауқұлақтың жасушасы қабырғасын хитин деп атаймыз. 18.Бактерияның жасушасы қабырғасын муреин деп атаймыз. 19.Целлюлоза,хитин,муреин - полисахаридтер (күрделі көмірсулар) 20.Вакоуль-жасуша шырынына толы қойма немесе қоқыс салатын шелек рөлін атқаратын көпіршік. 21.Вакоуль-жасуша ішіндегі қысымды реттейді. 22.Тек өсімдіктер мен саңырауқұлақтарға тəн органоид:вакоуль 23.Вакоуль-жасуша шырынына толы мембрана көпіршігі.
By biosmed 24.Вакоульде зиянды немесе қоректік заттар концентрлі ерітінді түрінде сақталады. 25.Вакоульдің жасуша ішіндегі қызметі:зиянды заттарды ерітеді,жасушаішілік қысымды сақтайды. 26.Пластидтер- өсімдіктерге ғана тəн органоид.3 түрі бар:хлоропласт,хромопласт,лейкопласт 27.Хлоропласт-жасыл түсті пигмент.Қызметі:фотосинтез процесіне қатысады. 28.Хромопласт-сары,қызыл немесе қызыл сары.Қызметі:түс береді.күзгі жапырақтарды,зиянды заттарды,піскен жемістерде пайдалы заттарды жинақтайды. 29.Лейкопласт-ақ түсті,яғни түссіз,тамырда орналасады.Қызметі:тамырда орналасуына байланысты крахмалды қорға жинайды. 30.Митохондрия-жасушының энергетикалық станциясы. 31.Митохондрия барлық эукариоттарға тəн. 32.АТФ синтезі митохондрияны криста бөлігінде жүреді. 33.Рибосомалар-нəруыз биосинтезін жүзеге асырады. 34.Рибосомалар- екі суббірліктен тұрады.Үлкен жəне кіші 35.Рибосома -түйіршікті ЭПТ-да орналасады. 36.Гольджи жиынтығы-заттардың жасушаішілік тасымалын,майлар мен көмірсуларды модификациялайды жəне синтездейді. 37.Гольджи аппараты-лизасомалардың түзілуіне қамтамасыз етеді. 38.Гольджи аппараты-қуыстар мен цистернелар түрінде ретті орналасқан мембраналардан тұрады. 39.Лизасомалар-асқорыту вакоульдері 40.Лизасомалар-ферменттерге толы көпіршік. 41.Лизасомалардың қызметі:зиянды немесе қоректік заттарды ыдырату 42.Автолиз-лизасоманың өзін-өзі қорытуы. 43.Автолизді жүзеге асыратын органиод-лизасома. 44.Тек жануар мен саңырауқұлақ жасушасында кездесетін органоид:лизасома 45.ЭПТ(эндоплазмалық тор)-мембрана түтікшелері. 46.Тегіс ЭПТ-рибосомасы жоқ,яғни майлар мен көмірсуларды синтездейді. 47.Тегіс ЭПТ қызметі:көмірсулардың синтезі,майлардың синтезі. 48.Бұдыр ЭПТ-рибосомалары бар,нəруыздар синтездейді.
By biosmed 49.Барлық ЭПТ мен Гольджи аппараты жасушаішілік тасымалға қатысады. 50.Ұлпа-құрылысы,шығу тегі жəне атқаратын қызметі бойынша ұқсас жасушалар тобы. 51.Ұлпалар бірігіп мүшені,мүшелер бірігіп мүшелер жүйесін,мүшелер жүйесі бірігіп тұтас ағзаны құрайды. 52.Өсімдіктерде -6 ұлпа,жануарларда-4 ұлпа. 53.Өсімдік ұлпалары:Түзуші,тірек,жабын,негізгі,өткізгіш,бөліп шығарушы. 54.Түзуші ұлпа-бірінші болып пайда болады,тұқым ұрығының жасушалары осы ұлпадан тұрады. 55.Түзуші ұлпаның жасушалары ұсақ,қабықшасы өте жұқа,бір-біріне өте тығыз орналасқан. 56.Түзуші ұлпада хлоропласт болмайды жəне көптеген ұсақ вакоульдерге ие. 57.Түзуші ұлпа сабақтың ұшында,тамырдың негізгі жəне бүйірлік өстерінің ұштарында,жас жапырақтың негізінде кездеседі. 58.Жабын ұлпа-өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап жатады жəне оларды кеуіп кетуден,сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарайды. 59.Жабын ұлпасы 3-ке бөлінеді:өң,тоз,қыртыс 60.Өң-жасушалары тірі,бір-бірімен тығыз жанасқан. 61.Өң жасушалары-жапырақ,гүлдің,көптеген өсімдіктердің жемісінің,шөптесін өсімдіктің сабағы мен сүректі өсімдіктің жас өркенінің алғашқы жабынды ұлпасы. 62.Тоз-көпжылдық өсімдіктерде болады. 63.Тоз-жасушалары алғашында тірі болғанымен,біртіндеп қабаттары қалыңдап,түсі қоңырлау өлі жасушаларға айналады. 64.Қыртыс-ең соңында түзілетін қабат. 65.Қыртыс-ағаш діңінде,бұтақтары мен тамырында жаңа қабаттар пайда болып қыртыс түзіледі.Жыл сайын тоздың пайда болған жаңа қабаттарынан қалыңдай береді. 66.Негізгі ұлпа-ірі,домалақ пішінді,жасушааралалық кеңістіктері кең жасушалардан тұрады. 67.Негізгі ұлпа-атқаратын қызметіне қарай фотосинтездеуші,қор жинаушы ұлпалар болып,2-ге бөлінеді. 68.Фотосинтездеуші ұлпа-жапырақтың жасыл жұмсағы.Олар бағаналы,борпылдақ болып,2-ге бөлінеді. 69.Бағаналы фотосинтездеуші ұлпа(паренхима)-жапырақтың үстіңгі бөлігінде орналасады.
By biosmed 70.Борпылдақ фотосинтездеуші ұлпа(паренхима)-жапырақтың астыңғы бөлігінде орналасады. 71.Қор жинаушы ұлпа-су жинаушы,ауа жинаушы болып,2-ге бөлінеді. 72.Су жинаушы-кактустын сабағында,алоэның жапырағында болады. 73.Ауа жинаушы-тұңғиықтың жапырағында болады. 74.Өткізгіш ұлпа-су(ағаш сүрегі мен трахеидтар) жəне қоректік заттарды (сүзгілі түтіктер) өсімдіктің бір мүшесінен екінші мүшесіне өткізеді. 75.Өткізгі ұлпада ксилема(өлі) мен флоэма (тірі) жасушалары болады. 76.Тірек немесе механикалық ұлпасы-өсімдіккке беріктік қасиет береді. 77.Тірек немесе механикалық ұлпаның жасушалары тірі(қабық талшығы) немесе өлі(сүрек талшығы) болуы мүмкін. 78.Тірек ұлпасының құрамында ешқашан хлоропласт болмайды. 79.Бөліп шығарушы ұлпа-алуан түрлі. 80.Бөліп шығарушы ұлпаның жасуша қабықшасы тірі жəне жұқа күйінде ұзақ сақталады. 81.Бөліп шығарушы ұлпадан көпетеген заттар бөлінеді. 82.Бөліп шығарушы ұлпадан бөлінген иіс жəне тəтті заттар тозаңдандыратын жəндіктерді өзіне еліктіреді.Эфир майлары малға жем болудан сақтайды. 83.Жануар ұлпалары:эпителий,жүйке,бұлшықет,дəнекер. 84.Эпителий ұлпасы-жасушааралық заттарыр аз,бір-бірімен тығыз орналасқан. 85.Эпителий ұлпасы қалпына келу(регенерация) қабілеті жақсы дамыған. 86.Эпителий ұлпасы 3-ке бөлінеді:жабынды,безді,кірпікшелі 87.Жабынды эпителий-терінің үстіңгі қабатын көз,мұрын,ауыз,асқазан,тікішекте шырышты қабығын түзеді. 88.Жабынды эпителий 2-ге бөлінеді:көпқабатты(тері,ауыз қуысының шырышты қабығы) немесе бірқабатты (бүйрек өзекшелері) болады. 89.Жабынды эпителийдің қызметі-қорғаныш,бүйрек пен ішекке заттарды сіңіру. 90.Безді эпителий -ағзадағы барлық бездер (тер,май,сілекей,бауыр) жатады. 91.Безді эпителийдің қызметі-биосинтез жəне түрлі бөлінділерді (сілекей,жас,тер,сөл жəне т.б) бөліп шығару. 92.Кірпікшелі немесе тербелмелі эпителий-кірпікші тəрізді өсінділерге тəн. 93.Кірпікшелі немесе тербелмелі эпителий тыныс жолдарында орналасқан.Олар шаң- тозаң бөлшектерін ұстап қалады.

Tài liệu liên quan

x
Báo cáo lỗi download
Nội dung báo cáo



Chất lượng file Download bị lỗi:
Họ tên:
Email:
Bình luận
Trong quá trình tải gặp lỗi, sự cố,.. hoặc có thắc mắc gì vui lòng để lại bình luận dưới đây. Xin cảm ơn.